Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жас келіншек із-түссіз жоғалып кетті

Алматыда 6 қазан күні Алматы-1 теміржол вокзалы ауданында Айжан Кенжеқараева есімді келіншек жоғалып кетті.

Бұл туралы Zakon.kz жазады.

1989 жылы 30 қаңтарда туған Айман Болатқызы Кенжеқараева 2017 жылдың 5 қазанында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның телефонынан соңғы рет 6 қазан күні 13:00 кезінде қоңырау жасалған. Айжанның туыстарының айтуынша, телефон 6 қазан күні 23:00-ге дейін қосылып тұрып, сосын байланыс өшіп қалған.

Соңғы рет адамдар оны Алматы-1 теміржол вокзалы ауданында көріпті. Үстінде қызғылт сары күртешесі, қара шалбары, қыша түсті бәтеңкесі бар. Өзімен бірге сөмкесі, әмияны, жеке куәлігі, телефоны бар.

Белгілері: шашы қоңыр түсті, қоңыр көзді, қолында және қас аумағында тыртығы бар.

Айжанның қайда екенін білетіндер болса мына нөмірлерге хабарласа алады: 8 777 716 02 01 және 8 701 674 44 00 немесе 102.

Оқи отырыңыз:

Ресейде пойызбен соқтығысып қаза тапқан жүргізуші Даниярдың өлімін отбасы жаңалықтардан естіген

Ан-28-дің қара жәшігіндегі ақпараттар апта аяғына дейін белгілі болады

Алматыда 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен таксист ұсталды

Астана полициясы көшеден табылған нәрестенің ата-анасын іздеп жатыр

Талқылау