Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда той кортежі жолдың бойында атыс жасады (видео)

Алматыда куәгерлер шығыс айналма жолы бойында той кортежінің жол-көлік ережесін көпе-көрнеу бұзғанын байқап қалған.

ввв

Фейсбук қолданушысы Айжан Әбішева бұл туралы өз парақшасында жариялады. Тұрғынның сөзінше, кортеж жүріп келе жатқан кезде үш бірдей жол-патрулдік полициясы да жол бойында болған. Бірақ, олар назар аудармай өте шығыпты.

Той кортежіне қатысушы көліктердің кейбірінде мемлекеттік нөмірлері де болмаған. Олар жол-ережесін қайшы қозғалыс жасау арқылы, көлік кептелесіне де себепкер болған.

Ал бір сәтте куәгерлер атыс дауысын естиді. Кейінірек, той кортежін жасау кезінде атыс ұйымдастырғандардың да кім екені анықталды. Олардың ерсі әрекеттері он минуттай уақытқа созылға. Олар жолдың барлық жолағын басып алып, тым жәй жүрген.

Болған жағдайды полицейлер тексеріп, олардың жеке тұлғасы анықталды. Енді олар бұзақылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

Талқылау