Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тоңазытқыштан табылған балалардың мәйітін қаңғыбастармен бірге көміп тастаған

Равиль Волченко бір ажалдан аман қалған бала. Бірақ, әке-шешесінің қанішер екенін біліп жатқан ол жоқ. Қайта ішқұса боп ауырып, басқа ауруханадан бір-ақ шықты, деп хабарлайды КТК.

“Мұнда бала өзінің негізгі емін алып жатыр.Бүгінгі күнде баланың жағдайы қанағаттанарлық деп айтсақ та болады. Дене қызуы қалыпты. Медбикелер, кіші медибкелер үнемі баланың қасында. Тамағын беріп, үстін ауыстырып, үнемі біздің бақылауда”, – дейді Жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Насихат Тулекова.

Десе де, бала көңілсіз. Тіпті, бұрынғыдай ойыншыққа да алдануды да қойыпты. Онсыз да көшеден табылғалы аурухананы паналаған бүлдіршіннің әке-шешесін сағынғаны айтпаса да түсінікті. Ал, баласын іздеп жүрегі ауырған ана жоқ. Полицейлердің айтуынша, Алла Волченко арақтан есін жиғалы ұлы жайлы бір рет те сұрамапты. Тергеу абақтысында түк болмағандай жатқан көрінеді. Алла Волченко мен оның азаматтық некедегі күйеуі Эмиль Гильмутдинов екі бірдей баласын тұншықтырып өлтіріп, ал мәйіттерін тоңазытқышқа тығып кеткен болатын. Үлкен ұлдың періштесі қағып аман қалды.

“Қанішерлердің қолынан аман қалған бала қазір Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында. Десе де, дәрігерлер оны 10 күннен артық ұстай алмаймыз деп отыр. Жалпыға бірдей ережеге сәйкес, беті бері қараған соң бүлдіршін палатаны босатуы керек”, – дейді

Тағдыр тәлкегіне түскен кішкентай Рамиль инфекциялық ауруханадан кейін балалар үйіне ауыстырылады. Оның әке-шешесіне қатысты сот үкімі шыққанға дейін бала уақытша сол мекемені паналай тұрады. Соттың оны туған атасына беру, бермеуі әзірге белгісіз. Өйткені, күдіктілердің адвокаты Амангелді Сәриевтің айтуынша, тіпті қос сәбидің мәйіті туыстарына берілмей, аты-жөні жоқ қаңғыбастармен бірге көміліпті.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы қаншаға өсуі мүмкін

Оқулықтағы «зың-зың-зың», «дың-дың-дың» сөзі бар ән мәтіні жұртты күлдіртті

Синоптиктер қазан айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Талқылау