Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда төбелестен кейін ұсталған ер адам полиция бөлімшесінде асылып қалды

Алматыда қызмет өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айыппен полицей күдікке ілінді.

2017091813184884161_img-20140411105530-617

Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Сот үкімінде хабарланғандай, 2016 жылдың 11 желтоқсанында Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне “Старт” бильярд клубында болған жаппай төбелес туралы ақпарат келіп түседі. Оқиға орынына барған “Боран” экипажы жеті адамды ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізеді. Оларды тіркеу полиция Д.-ға жүктелген.

Кезекшінің көмекшісі болып істеген Д. негізі бар материалдар болмағанына қарамастан, басшылық келіспей, ұсталғандардың бірін уақытша қамау бөлмесіне қамап тастайды. Ал ұсталған Б. есімді азамат екі минут өтпей жатып белдігіне асылып қалған. Оның денесін полицейлер жарты сағаттан соң тауып алады.

Сотта айыпталушы Д. өз кінәсін мойындамады. Ол белгіленген тәртіп бойынша атқардым дейді. Оның айтуынша 7 адамның ішінде Б. алкогольді мас күйде болған және өзін тәртіпсіз ұстаған. Сосын зардап шегуші тарап Б.-ны бөлек бөлмеде ұстауды өтінеді. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында ол әлгі ер адамды бөлек бөлмеге апарған. Содан кейін барып ол барлық ақпаратты кезекші операторға жеткізген.

Бірақ, тергеу ісі полицейдің ісін заңға қайшы деп анықтады. Сот үкімімен 35 жастағы полиция қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қайтыс болған ер адамның жесіріне 200 мың теңге моральдық өтемақы берілуі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Ұлттық валютаның курсы 340 теңгеге жетті

Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

Көкшетауда өрт кезінде екі бала мен әйел адам қаза тапты

Бауыржан Байбек көшеде баян тартып отырған қарияға қолтаңба берді (видео)

Талқылау