Алматыда тікұшақ құлады: Ұшқыш қаза болды
Алматыда тікұшақ құлады. Төртадамдық тікұшақта тек ұшқыш қана болған.

Фото: kt.kz
Апат Наурызбай ауданы Таусамалы ықшамауданында болды.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметі, тікұшақтың Алматыда апатқа ұшырағанын растады.
“Алатау” демалыс орны аумағында Sky Service әуекомпаниясының Eurocopter-130 маркалы тікұшағы құлады. Тікұшақ жанған жоқ”, – дейді ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Қаза болған пилот 1968 жылы туған. Ол жедел жәрдем көлігінде мерт болды. Тікұшақ Боралдай-Үлкен Алматы өзені бағыты бойынша ұшқан.
Болжам бойынша, тікұшақта пилот Шитов Валентин Викторович болған. Жедел жәрдем қызметкерлері ұшқыштың өлімін тіркеді.
Оқиға орнында шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық