Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тергеуші тәркіленген тауарды ұрлады деп айыпталып жатыр

Алматыда мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық тергеу қызметі маманының ісі сотта қаралып жатыр, депхабарлайды КТК.

Ол заттай айғақтарды жымқырды деген күдікке ілінген. Яғни, контрабанда туралы қылмыстық істі тергеу кезінде тәркіленген қымбат зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізіп, мол пайдаға кенеліпті. Ос құйтырқылықты жүзеге асыруға көмектескен оның сыбайласы да жауап беруде.

Әзірге экономикалық тергеу қызметінің маманы да, оның сыбайласы да кінәсін мойындаған жоқ. Тіпті, бір-бірін айыптап отыр. Яғни, тергеуші заттай айғақтарды сараптамаға апара жатып, көлігімнен ұрлатып алдым дейді. Ал, қымбат алтындарды ломбардқа өткізген екінші айыпталушы алтындарды ломбардқа өткізгенін мойындады. Бірақ, Мемлекеттік кіріс департаментінде жұмыс істейтін досының арам пиғылынан бейхабар болғанын айтып, ақталуда. Сондықтан, тағылған айып мүлдем негізсіз деп отыр.

“Іс материалдарында менің қорғауымдағы азаматтың қылмысқа қатысы барын растайтын ешқандай дәлел жоқ. Ол кінәсіз. Сондықтан, Рустам Өтегеновке қатысты қылмыстық іс заңсыз қозғалған деп ойлаймын. Соған қарамастан, ол 3 айдан бері абақтыда отыр”, – дейді адвокат Александр Блок.

Экономикалық тергеу қызметінің маманы алтын сататын кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі тергеу кезінде оның тауарларын түгелдей тәркілепті. Зардап шегушінің айтуынша, қолында жалпы соммасы бір миллион доллардың алтыны кеткен. Тергеуші сол бұйымдарды камераға өткізбей, жарты жыл бойы кабинетінде ұстапты. Кейін айғақтарды сатып, мол пайдаға кенелген көрінеді. Индира Бердібекова өз әшекей бұйымдарын Алматыдағы ломбардтардан тапқанын айтады. Енді, сот жағалап, соны қайтарып алуға тырысып жүр.

“Алматы қаласының кірістер департаментіне сұрақ: Қайда қарап отыр басшылықтары? Неге менің алтындарымды қадағаламаған? Неге оны камераға қоймаған?! Осы қарамаудың кесірінен қазіргі кезде мен осындай дәрежеде, өз алтындарымды іздеп, соттан сотқа тозып, 1 жылдан бері осындай жағдайда жүрмін”, –  зардап шегуші Индира Бердібекова.

Тіпті, айыпталушылар сатқан алтынның ақшасын казиноға салған деген де күдік бар. Қазір ол екеуі тергеу абақтысында жатыр. Ал, дәл қазір, мына ғимараттың ішінде қос күдіктіге қатысты кезекті сот отырысы өтуде. Онда айтылған ақпараттарды кешкі жаңалықтардан көрсетеміз.

Тағы да оқыңыз:

Бахтияр Артаев: Спортта жүрген қандастарымыздың арасында жат ағымдарға ілескендері көп

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

Бала күнінде ауырып емханаға түскен қыз бен бала 20 жылдан соң үйленді (фото)

Талқылау