Алматыда телефон үшін мерт болған колледж студентінің анасы ұлының қалай өлгенін жылап отырып айтып берді

Алматыда колледж студенті Дастан Мұсахан құрдасының қолынан ажал құшқан. Ал марқұмның анасы ұлын бір ғана адам өлтіргеніне сенбей отыр. Оның айтуынша, кінәлілер бостандықта жүр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда телефон үшін мерт болған колледж студентінің анасы кінәлілердің бостандықта жүргенін айтып жылады

Баламды маған кім қайтарып береді? Мен оны білім алсын деп жібердім колледжге. Баламды біреу ұрып өлтірсін деп тапқан жоқпын», – деген марқұмның анасы көз жасын тоқтата алмады.

Динара Ыдырысованың сөзінше, сол күні ұлы әдеттегідей сабағына кеткен. Түскі уақытта колледжден хабарласып, баласының есінен танып қалғанын айтыпты. Алайда ол күйеуімен бірге оқу орнына барғанда, ұлы қайтыс болып кеткен екен.

«Күйеуіміз екеуміз бірге бардық. Барғанда бала өліп жатты. Бізді жақындатпады, кіргізбеді, көрсетпеді. Артынан бәрі біткеннен кейін кіргізіп көрсетті. Баламыздың бетін ғана көріп үлгердік», – дейді марқұмның анасы.

Дастан Мұсахан биылғы жылы Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжіне түсіп, сол жерде білім алып жатқан. Динара Ыдырысованың сөзінше, староста сабақ кезінде баласының қолындағы телефонды тартып алыпты. Артынша Дастан колледж ауласына шығып, телефонын қайтарып алмақ болған. Алайда осы кезде курстастар арасында кикілжің туындапты.

Дастанның жанында болған студенттер бастапқыда оның құлап қалғанын айтқан. Артынша тергеу кезінде анықталғандай, ол соққыға жығылған.

Кісі өліміне алып келген оқиғаға қатысты бір студент айыпталып отыр. Алайда марқұмның анасы ұлын бір емес, бірнеше адамның өлтіргеніне сенімді.

«Тек бір бала ғана мойнына алып тұрған. Мен бұған сенбеймін. Себебі қасындағы екі баланың қатысы бар деп ойлаймын. Сараптаманың қортындысында басына қан құйылған деп жазылған. Яғни ауыр затпен соққы жасалған», – дейді Динара Ыдырысова.

Қайтыс болған Дастан Мұсаханның анасының сөзінше, соққы салдарынан ұлының денесінде сау жер қалмапты.

Ал колледж басшылығы оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Десе де олар Дастанның өліміне күдіктінің бүгін сабақта болғанын растады.

«Күдіктіні уақытша оқшаулау абақтысына қамауға шешім қабылданған болатын. Қазіргі уақытта тергеу амалдары әлі де жалғасда. Іс  материалдарына сүйенсек, қылмыс жасаған азаматтың кінәсі толыққанды дәлелденуде», – дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиғаға қатысты күдіктіге ҚР ҚК-ның «абайсызда кісі өлтіру» бабына сәйкес айып тағылып отыр. Алайда қапияда ұлынан айырылып қалған отбасы тергеуге сенбейді. Олар баласының өліміне кінәлілер жазадан сытылып кете ме деп қорқады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар