Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанқош Тұраровтың қатысуымен болған қарулы төбелес: Полиция түсініктеме берді (видео)

Алматы полициясы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың қатысуымен болған қарулы төбесті растады.

Алматыда танымал боксшының қатысуымен болған қарулы төбелес: Полиция түсініктеме берді

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Желіде жарияланған бейнежазбадан ерлер арасындағы әңгіменің соңы қалай төбелеске айналып кеткенін көруге болады. Сол сәтте қақтығысқа қатысушылардың бірі, яғни сақалды жігіт қалтасынан тапанша шығарып, боксшыға оқ атқан. Абырой болғанда бұл қарулы төбелесте ешкім зардап шекпеген.

Ал бұл видео желіде жарияланғалы оқырмандар түрлі пікір жазған. Біреулері боксшыны сынаса, екіншілері оның нағыз боксшы екені айтып, қолдау көрсетуде.

«Жанқош не қарақшы болып кеткен бе? Бұзақыларды қамау керек. Қорқаулар, азаматымызды талағысы келіп жатыр-ау. Ұят жоқ. Жарайсың, нағыз боксшы, бұзақыларға жалғыз өзі қарсы шықты. Егерде тапанша болмағанда ол бәрін өзі-ақ құлатушы еді», – деген пікірлер жазылған.

«Бұл оқиға 25 мамырда Алматы қаласының Алмалы ауданында орын алды. Бұл ер адамдар арасында болған қарулы қақтығыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», – деп хабарлады қалалық Ішкі істер департаментінен.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабы бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал бұл төбеске қатысы бар, қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров кәсіби рингте 22 жекпе-жек өткізген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау