БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда танымал актриса көз жұмды: Жол апатының мән-жайы белгілі болды

Бүгін Алматыда белгілі актриса Шолпан Елгезекова жол апатынан көз жұмды. Апат Сейфуллин мен Абай даңғылдарының қиылысында болған. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда танымал актриса көз жұмды: Жол апатының мән-жайы белгілі болды

Сурет: turaninfo.kz

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Саланат Әзірбектің мәліметінше, Сейфуллин мен Абай даңғылдарының қиылысында Mercedes Gelandewagen автокөлігі Mitsubishi Galant көлігіне соғылып, салдарынан жеңіл көлік жолдың қарсы бағытына шығып кетіпті. Апат салдарынан Mitsubishi көлігін тізгіндеген жүргізуші мен жолаушы Шолпан Елгезекова көз жұмды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Mercedes Gelandewagen жүргізушісі анықталды. Оны ұстап, қамауға алу бойынша шаралар жүріп жатыр. Сонымен қатар, қылмыстық іс аясында сот-медициналық және басқа да сараптамалық зерттеулер жүргізіледі», – дейді Салтанат Әзірбек.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбаевтың мәліметінше, Елгезековамен бір көлікте болған актриса Айзада Сатыбалдиева жан сақтау бөлімінде жатыр.

«Ол алты қабырғасы мен бұғанасы сынып, жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта ол есін жиды. Қазір театр ұжымы қолдау білдіріп, ауруханаға жиналды», – дейді Қырықбаев.

Айта кетсек, бұған дейін танымал актриса Шолпан Елгезекованың жол апатынан көз жұмғанын хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр