Алматыда шіріп жатқан қарияға жедел жәрдем көмектеспей кетіп қалған

Бейсенбі, 28 Қыркүйек , 2017 11:31

Алматы қаласында көше кезіп жүрген қария тірідей шіріп жатыр. Оның жарақаттарында құрттар пайда болған. Көше орындығында қозғалыссыз жатқанына бір апта болған екен. Жанына барған адамдармен тілдесуден қашады, – деп хабарлайды КТК арнасы.

“Басым айналып, көше ортасында құлап қалдым. Кейін көше орындығына сүйретіліп жеттім. Өліп кеткім келеді!” – дейді ол. Сергей Кирпиченко есімді азамат оның мүшкіл қалын көріп, күнде гамбургер сатып алып беріп жүрген екен. Ал енді Александр Кабеевтың жағдайының нашарлағаны соншалық, сөйлеуден қалған. Айтуынша, құлдықтан қашып шыққан.

“Құлдықта болып, саусақтарын үсітіп алғанын айтқан болатын. Көліктегі адамдар келіп “Шал, ақша тапқың келе ме?” деп сұраған екен. Бұл “Иә” деп жауап берген. Содан әлгі көліктегілер мұны алып кеткен. Әдетте көшедегі иттерге де жанашырлық танытып жатамыз. Ал бұл адам ғой. Әйтеуір, ары-бері жүріп жатқан адамдар 5-10 теңгеден лақтырып кетеді. Ал студенттер оның үстінен күліп кетіп жатыр”, – дейді Сергей Кирпиченко.

Тұрғындар сан рет жедел жәрдем шақырса да, дәрігерлер кезбені алып кетуден бас тартқан екен. Себебі, өзімен бірге бірде-бір құжат жоқ. Бүгін жолы болып, дәрігерлер оған көмектесуге келісті. “Дәл қазір қан қысымы мен қанындағы қант мөлшері тұрақты. Жамбас бөлігінде ауыр жарақаты бар. Парапроктит секілді. Қазір оны 12 қалалық ауруханаға алып барып тексертеміз. Өзге әріптестеріміз оның жағдайын бақылайтын болады”, – дейді дәрігер Асхат Тансыков.


Жіберіп алмаңыз:

Ақыларынан желінген сарыағаштық спортшылар қайыр сұрап жүр

Түркияда жол апатына түсіп, төсек тартқан қазақстандықтар елге жете алмай отыр

Кореяда ота жасатып, Шардараға оралған Мәдина бүгінгі жағдайы туралы айтты

Ақтөбеде тағы бір мәйіттік донор отасы жасалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар