Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда шатыры өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйден 52 адам эвакуацияланды

Алматыда шатыры өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйден әзірге 52 адам эвакуацияланды. Бұл туралы жаңа ғана Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова мәлім етті.

үййййй

«Бүгін күндіз 12 сағат 20 минуатта Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» кезекші бөліміне бір куәгерден Бостандық ауданы, Щепкин көшесі №35 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 4 минутта кейін, яғни 12 сағат 24 минутта келіп жетті. Олар қазір өртті сөндіруге және бір мезетте тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығаруға барынша күш салып жатыр. Өрттің таралу қаупі әлі де сақталуда. Әзірге өрт сөндіру сатылары арқылы барлығы – 52 тұрғын қауіпсіз аймаққа шығарылды», – деді Баймұханбетова.

 

#пожар #алматы #казгаса

Видео опубликовано Auez Sultanov (@auez.s)

#улица#Щепкина#пожар#огонь#горит#крыша#сами сняли видео#вызвалипожарную#ужас#жаль

Видео опубликовано C&H_cake&handmade_almaty (@cake_and_handmade_almaty)

Талқылау