Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мыңға жуық көп қабатты үй сүрілетін болды

Алматыда ескірген мыңға жуық көп қабатты үй алдағы 5 жыл ішінде сүрілетін болды. Олардың шатырынан су ағып, іргетасы жарылып, отырып қалған. Ал мұндай үйлерде тұрып жатқан алматылықтар олардың сүрілгенін көптен бері күтіп жүр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда мыңға жуық көп қабатты үй сүрілетін болды

Алматыда инвесторлардың ақшасына жаңа үйлер салына бастайды. Алдағы 5 жылда шаһардағы мыңға жуық үй сүріледі.

«Бұл айтарлықтай үлкен аумақтар. Алматының 6 ауданының бесеуінде орналасқан. Негізгі аумақтар – Түркісіб және Жетісу аудандарында. Олар үшін 200 ескі үйдің 70-і орналасқан екі үлкен аумақты қарастырып жатырмыз. Бұл жеке инвестиция болғандықтан, кез-келген инвестор көшіру бойынша қатерлер болмас үшін, өз ақшасы мен қатерін есептейді. Мысалы, кейбір үй иелерінің құжаттары болмайды немесе үйді заңды түрде иеленбеген. Кейбір үйге тыйым салынған болады. Соның бәрін қазір тексеріп жатырмыз», – дейді «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясы» АҚ-ның басқрама басшысы Мұхит Әзірбаев.

Кәсіпкерлер жаңа үйлердің құрылысына шамамен 320 миллиард теңге инвестицияламақ. Ал мемлекет есебінен ақша бөлінбейді.

Билік алғашқы көп қабатты үйлерді келесі жылдың аяғында тапсыруды жоспарлап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау