Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мектепте баллон жарылып 36 оқушы уланды

Алматыдағы  №173 мектепте белгісіз баллон жарылып оқушылар  уланды. Куәгерлердің сөзінше  оқиға қараңғы түспей тұрып болған. Сол маңдағы халықтың көпшілігі жиналып, зардап шеккендерге көмек қолын созған.

Оқиға болған жерге 11  жедел жәрдем бригадасы  мен полиция қызметкерлері бірден жиналып қалған. Көздері жасаурап, есінен танған оқушыларды  дереу ауруханаға тасу жұмыстары жүргізілген. 36 оқушының 34-і  аурухананың токсикология бөліміне жатқызылды. 1 оқушы жан сақтау бөлімінде жатыр. тағы екі оқушы тексеруден өткізіліп тұрғылықты жеріне қарасты емханаға жіберілген. Қазір ауруханаға жатқызылған өзге де оқушылардың денсаулығын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растады. Қазір мектепте қандай баллон жарылғанын анықтау жұмыстары  жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Талқылау