Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қызынан айырылған анасы әділдік іздеп шырылдап жүр

Алматылық ана 7 жасар қызын көлікпен қағып өлтіріп, бір күн бойы із жасырып тығылған жүргізушіге шығарған сот үкімімен келіспейді. Алғабас ауылында мектеп маңында Айнар Дәулеткелдіні қағып өлтірген Кеңшілік Қалиев 2,5 жылға сотталды. Оның өзінде жазасын қоныс колониясында өтейді.

нрнрнрн

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Анар Нүсіпбекова жалғыз қызынан айырылғалы бері ұлын жанынан екі елі тастамайды. Ал қызы Айнар көлік апатынан қаза болған күн оның қорқынышты түсі секілді. Кеңшілік Қалиев есімді жүргізуші 7 жасар Айнарды көлігімен соққан күйінде 15 метрге сүйреп кеткен.

“Қаққан еркек сол бойы қашып кетті. Бір кезде қайта айналып келді де, жарты жолда тағы бір дтп жасады. Содан сол күйі ізін жоғалтты. Інісінің үйіне барып машинасын тыққан,” – дейді Анар.

Ізін жасырмақ болған Кеңшілік Қалиев оқиғаға қыздың анасы Анардың өзін кінәлап шыққан. Ал тергеушілер Қалиевтің көлік тізгінінде отырған сәтте ішімдік ішкен-ішпегенін тіпті анықтамаған. Керісінше 7 жасар Айнардың қанынан спирт іздепті.

“Қызымның денесінен этил спирті табылмады. Ал қаққан ер адамға қатысты ішімдікке байланысты сараптама жасалмаған”, – дейді қыздың анасы.

Кінәсі толық дәлелденгеннен кейін айыпталушы тарап бір-ақ рет Анардың алдынан өткен екен. Оның өзінде табысуға емес, тартысуға келген көрінеді.

“Мені қарғап-сілеп, балағаттап, ауыздарына келгенін айтып кетті. Құдай басыңа тағы да сондай берсін деп кетті”, – дейді әйел.

Ал Кеңшілік Қалиевті 2,5 жылға бас бостандығынан айырған судьяның айтуынша, сотталушының Айнарды мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер жолағының қасында, қатты жылдамдықпен қағып, қылмыстан кейін оқиға орынынан қашып кетуі ауыр қылмыс емес.

“Қылмыстық кодекстің 12 бабының талаптарына сәйкес бұл онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады. Бұл адамның абайсызда өліміне әкелген қылмыс болып есептеледі “, – дейді Алатау аудандық сотының қылмыстық істер бойынша судьясы Талғат Макулов.

Қапелімде баласынан айырылған ана бұл істің жылы жабылғанын қаламайды. Жеті жасар баласының өмірін қиған адамның екі жарым жылға сотталуы әділетсіздік дейді ол. Анардың ендігі үміті тек жоғарғы сотта.

Еске салсақ, оқиға 19 ақпан күні болған. Бастапқы болжам бойынша, қара түсті Mazda 626 автокөлігі №185 орта мектеп алдында 2009 жылы туған қызды қағып, қашып кеткен. Бүлдіршін ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

 

Талқылау