Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда түрік жігіті егде жастағы жедел жәрдем жүргізушісін ұрып тастады (видео)

Алматыда жас жігіт жол бермеген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрып тастады. Бұл сәтті жанындағылар видеоға түсіріп алды.

Жас жігіт көлігінен түсе сала жедел жәрдем қызметінің жүргізушісін жағасынан алды. Егде жастағы ер адамға жұдырық ала жүгірді. Бұл сәтті фельдшер камераға түсіріп алды. Видеодан жігіттің кім екені анық көрінеді.

Фельдшердің айтуынша, бұл кезде көлікте екі науқас болған.

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген қалалық ІІД-нен жігітті тауып, жауапқа тартуды сұрады.

“Жедел жәрдем көлігін жібермегені аздай, егде жастағы ер адамды ұрып тастады. Ондайларды қатаң жазалау керек”, – деді кәсіпкер.

Желі қолданушылары да оның ойын қостады. Араша түспей қарап тұрған жігіттерді сынға алды.

Бұған Алматы қалалық ІІД жауап берді. Мәліметіне сәйкес, ІІД жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция полкі мен іздеу бөлімінің қызметкерлері “Фольксваген Пассат” жүргізушісін ұстады. Ол 1990 жылы туылған Түркия азаматы. Оның іс-әрекетін Алмалы ауданының ІІД-нің тергеу бөлімшесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-бабының 1-бөлігі бойынша қарастырады. Алдын ала тергеу барысында тергеудің объективтілігін, толықтығын және мұқият болуын қамтамасыз ететін қажетті тергеу амалдары мен сараптамалық зерттеулер жүргізілетін болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау