Алматыда жас қыз көлігімен бес адамды қағып кетті
Алматыда көше қиылысында автокөлік бес жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол апаты Жандосов және Береговой көшелері қиылысында болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Subaru Tribeca Береговой көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Жандосов көшесіне бұрылмақ болады, бірақ ол кезде бағдаршамның қызыл жарығы жанып, жаяу жүргіншілер жолды кесіп өте бастайды.
Subaru бес адамды қаққан, олардың үшеуі ересек, екеуі бала. Бәрі ауруханаға жатқызылды, екі әйел адам ауыр хәлде.
Subaru Tribeca айдаған әйел адамның айтуынша, көзіне күн шағылысып, жаяу жүргіншілерді көрмей қалыпты.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Тағы да оқыңыз:
Мемлекеттік білім грантына ие болғандардың тізімі жарияланды
Қазақ әншісі 1 теңгені менсінбеген қазақ әйелін ұялтып тастады
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық