Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көліктерді жалға алып, жарты бағасына сатумен айналысқан алаяқ жауапқа тартылуда

26 жастағы Артем Хван есімді азамат осы уақытқа дейін өзі уақытша қолдануға көлік алып, оны жарты бағасына сатып жіберіп отырған. Ол сатқан көліктердің ішінде ламбардта кепілде тұрғандары да бар.

күдікті

Азамат ол көліктердің барлығын ақшасы бар азаматтарға нарықтағы бағадан екі есе төменге сатып жүрген.

«Ол көіктерді саудалайтын кезде ешқандай дақұжатсыз өз жоспарын жүзеге асырып келген. Оның азаматтарды қалай көндіргені немесе жалған құжат жасаумен айналысқаны тергеу барысында анықталатын болады. Қазірге үш көлікті осындай жолмен сатқаны анықталып отыр»,-дейді Түркісіб ауданы ІІД полиция капитаны Болат Тотыбаев.

Қазір күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Тәртіп сақшылары істі зерттеу кезінде алаяқтықтың саны өсеріне де күмән келтірмейді.

БАҚ арқылы ақпаратты естіп, осы азаматқа алданып қалғандар болса
298-54-60 және 298-54-61телефон номерлеріне хабарласуларына болады.

Талқылау