Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік жүргізушісі жолаушыларды жүксалғышқа салып тасыды (видео)

Алматыда жүксалғышқа жолаушыны салып тасымалдаған жүргізуші ұсталды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, видео расталды, ер адам шынымен де машинаның жүксалғышында жатқан. «Тексеру барысында құқықбұзушы анықталды. Жолаушы тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды.

«Субару» жүргізушісі айыбын бірден мойындады. Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі Сйфуллин және Мәметова көшелері қиылысына жақын маңда болған», – дейді Алматы қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі іздестіру бөлімінің бастығы Ерік Насырбеков. Айта кетелік, өткен жылы Алматы полициясы басшылығының блогына жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты 200-дей өтініш келіп түскен.

Тағы да оқыңыз:

Таразда істі болған сығандар сот отырысындағылардың көзін байлап, қарғыс айтты

Шымкент әкімі есеп беруді орысша жүргізбеген аудан әкіміне ұрсып тастады

Шымкенттік студент күріш қауызынан аккумулятор жасауды ойлап тапты

Талқылау