Полиция таба алмай жатыр. Шығыс айналма жолында қағып кеткен баланың анасы алматылықтардан көмек сұрады

5 жасар Мұхаммед Асқар-оғлының анасы Алматыдағы Шығыс айналма жолында ұлын қағып, көрпеге орап тал түбіне тастап кеткен көлік жүргізушісін табуды өтінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Алматыда көлік қағып, тал түбіне тасталған баланың анасы кінәлі адамды тауып беруді өтінді

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері әлі күнге дейін жазатайым оқиғаға кінәлі адамды таппады.

«Полиция әлі ештеңе айтпады. Жүргізушіге қатысты ешқандай дерек жоқ. Ұлымды қағып, тал түбіне тастап кеткен адамды табуын өтініп сұраймыз. Мұндайды істеген адам жазасыз қалмауы керек. Бұл хайуан емес, бала ғой. Тіпті жануарды қағып кеткен адам оны жолдың шетіне апарып тастайды. Баланы олай қалдыруға болмайды… », – дейді баланың анасы жыларман болып.

Жас келіншек бір апта бойы ұлының жанынан бір елі кетпеді. Осы уақытқа дейін жансақтау бөлімінде өмір мен өлімнің арасында жатқан бала екі күн бұрын есін жиып, нейрохирургиялық палатаға ауыстырылды. Өлім аузынан қалған баланың басына 3-6 айдан кейін тағы ота жасамақ.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 5 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Әлеуметтік  желілерде баланың отбасының таныстары хабарлағандай, жүргізуші баланы қағып кеткеннен кейін оны көрпеге орап, жолдың шетіне тастап кеткен. Бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатып,жасанды тыныс алу құрылғысына қосулы болған бала екі күн бұрын есін жиып, бүгінде тамақ жеп, сөйлей бастады. Сонымен бірген, бір апта бойы ұлымен бірге ауруханада жатқан ана оның қалай жоғалып кеткенін айтып берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар