Алматыда көлік қағып кеткен 7 жасар қыз оқиға орнында көз жұмды
Алматыда сәрсенбі күні кешке автокөлік бүлдіршінді қағып, оқиға орнынан қашып кетті.

Sputnik / Виктор Толочко
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Оқиға 19 ақпан күні болған. Бастапқы болжам бойынша, қара түсті Mazda 626 автокөлігі №185 орта мектеп алдында 2009 жылы туған қызды қағып, қашып кеткен. Бүлдіршін ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
“Қыз анасымен бірге келе жатқан. Әйел адам көліктің маркасы мен нөмірін жаттап үлгермепті. Адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты дерегі бойынша сот алды тергеу ісі басталды. Біздің бөлімше қызметкерлері жедел іздеу жұмыстарын жүргізуде. Азаматтар арасында куәгерлер бар шығар, істі тергеу үшін солардың түсініктемесі қажет”, — деді полиция полковнигі Ерік Насырбеков.
Қолда бар ақпаратты келесі нөмірлерге хабарлауға болады: 8-707-222-88-87 және 8-707-599-09-11.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан