Алматыда қоқыстан басы мен қолы табылған адамды өлтірді деген күдікпен екі жігіт ұсталды

Бейсенбі, 15 Қыркүйек , 2016 11:36

Алматыда ер адамды өлтірді деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Қаза тапқан адамның мәйіті қоқыс жәшіктерінен табылған.

345345252

 

«Ұсталғандардың 1991 жылы туған Р.Ситақтың өліміне қатысы болуы мүмкін. Күдіктілер  1993 және 1994 жылдары туған ШҚО мен Павлодар қаласының тумалары. Олардың дауласқаннан кейін қарым-қатынас бұзылған соң осындай зұлымдыққа барғаны белгілі болды. Ауыр қылмыс жасаған күдіктілер Алматыдан ізін суытып, мемлекеттік шекарадан асып кетпек болды», – деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Ведомствода қазір қаланың криминалдық полиция мүшелері мен Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел-тергеу тобы күдіктілердің Байқоңырдан Алматыға жеткізіліп жатқанын айтты.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Атап өтейік, 14 қыркүйекте күдіктілердің бірінің туыстары Бостандық аудандық ІІБ-ге оның із-түзсіз жоғалғаны туралы айтып хабарлады.

Еске сала кетейік, 7 қыркүйекке қараған түні Алматының қоқыс контейнерінен белгісіз адамның басы мен аяқ-қолдары табылды. Кейін көз жұмған адамның кім екені және оны қай жерде өлтіргені анықталғаны туралы хабарланды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Денесі бөлшектеніп табылған марқұмның артында аяғы ауыр әйелі қалған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар