Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қоғамдық көлікте жүрген қалта ұрылары ұсталды

Алматыда ІІД криминалды полиция қызметкерлері екі ұрыны қолға түсірді. Қылмысқа қатысы бар әйел өзгелердің көңілін басқа нәрсеге аудару арқылы ұрлық жасауға көмектесіп отырған, деп хабарлайды Stan.kz.

«№ 135 автоуста жолаушының «Самсунг» маркалы телефон жоғалды. Тексеру кезінде екі жігіт ұсталды. Жақтасы оны көлегейлеп, жолаушының көңілін басқа нәрсеге аударған. Бұл сәтте жанындағы ұры телефонды ұрлап үлгерген. Олардың басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ұрылар затты қайтарып, кінәсін мойындады», – дейді қалалық ІІД КПБ басшысы Есен Ысқақов.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, осы уақытта тағы бір автобуста телефон ұрлаған тағы бір ұры ұсталды. Оқиға 106-автобуста болды. Қалта ұрысы жолаушы байқамай тұрғанда, сөмкесінен телефонды алып кеткен.

Екі жағдайға қатысты ұрлық ісі бойынша тергеу жүруде. Алматы полициясы жолаушыларды қарапайым ережені ұстанып, жеке мүлікті ұрлатпас үшін сақ болуға шақырады. Заттарды қолға не сөмкенің ішкі қалтасына салу керек екенін ескертті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау