Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда керек емес заттарды кәдеге асырып тарататын ерекше дүкен ашылды

Керек емес заттардың да пайдасы бар. Мұны “Қайырымдылық дүкенін” ашқан алматылық Александра Лазарева дәлелдей алды деп хабарлады КТК.

55555

Үйлері өртеніп кеткен Алматы облысынан келген тұрғындар үшін де Александраның дүкенінен керектілері табылды. Жүрегі жомарт алматылықтар мұнда шұлықтан бастап тұрмыстық заттарға дейін әкеліп жатады. Осылайша керек болмай қалған заттар “Қайырымдылық дүкенінде” қайтадан жаңа өмірлерін бастайды. Александра бұл дүкенді үш жыл бұрын ашқан.

“Адамдар керек емес заттарын өткізеді, ал оларды біздің дүкеннің еріктілері сараптайды. Қайырымдылық ұйымдарына немесе тікелей қажет еткен адамдарға беріледі. Ал шағын бөлігі дүкен арқылы сатылады. Бұл енді дүкеннің жалға алу құны мен анау-мынау шығындарын өтейді. Ал таза пайданың бәрі қайырымдылыққа жұмсалады”, – деді дүкен иесі Александра Лазарева.

Жыл басында дүкен орналасқан базар сүрілген. Дүкен жұмыс істегеніне қарамастан адамдар заттарын әкелуді тоқтатпаған.

“Тек ғана дүкен емес, жалпы Қазақстан бойынша ортақ желі ашылса керемет болар еді. Аясы кеңейіп, адамдар керек емес затраын өткізуді әдетке айналдырса, арнайы қоймалар жұмыс істеп, жұмыс орындары ашылса деген арманым бар”, – дейді Александра.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында әкім ұлымен қосылып қарапайым тұрғынды сабап тастаған

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

10 жылдан кейін топан судың астында қалуы мүмкін қалалар (фото)

Талқылау