Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақстандық «Ник Вуйчич» өз кумирімен кездесті

Алматыда екі аяқсыз туылған қазақстандық оқушы Әли Тұрғанбек әйгілі оратор Ник Вуйчичпен кездесті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандық Ник Вуйчичтің» әкесінің сөзінше, олар кездесу туралы бір ай бұрын келісіп қойған. Олар 30-40 минут көлемінде әңгімелескен екен.

«Бұл кездесуде біз өз жетістіктерімізбен бөлістік. Әлидің футбол ойнап, жүзумен айналысатынын айттық. Әлидің гол соққан видеосын көрсеткен кезде, Ник Вуйчич күліп жіберді. Ол аяғы жоқ адамның мұндай әрекетіне қатты таңданды. Әлидің бақыттан жүзі бал-бұл жанды. Олар қалжыңдап, көңіл көтеріп, құшақтасып, бірге суретке түсті», – дейді Азамат Тұрғанбеков.

Ник Вуйчич мұндай балалардың ата-аналары бірігуі керек екені жөнінде айтқан. Ол Қазақстанға қолынан келгенше қолдау көрсететін болады.

«Оған өз қиындығымыз жөнінде айтқымыз келмеді. Мұнда ол үшін келген жоқпыз. Бірақ Ник Вуйчич қиындықтарымыз туралы өзі сұрай бастады. Біз Астана әкімі баспана мәселесін шешуге көмектесетіні туралы уәде бергенін айттық. Жақын арада ол кісінің қабылдауында болдық. Ол көмектесуге тырысатынын айтып, уәде берді. Онымен электронды мекен жайымызбен және телефон нөмірлерімізбен алмастық», – дейді Азамат Тұрғанбеков.

Әлидің анасы Ақмарал Әміреева кішкентай баласымен отырғандықтан, Алматыға келе алмаған. Бірақ Әлидің әкесі кездесу сәтінен сурет жіберіпті. Ерекше әсерге бөленген анасы көзіне жас алған.

«Басымыздан өткен сезімді сөзбен айтып жеткізгісіз. Ник адамды жігерлендіре біледі. Суретке қарап, көзіме жас алдым. Алла Әлиімнің Ник сияқты табысты адам болуын жазсын! Мен алғаш рет Малаховқа хат жазғып, Никпен кездесу ұйымдастыру туралы ұсынғанымда, Никпен Мәскеудегі бағдарлама түсірілімінде кездестік. Өкінішке орай, ол кезде бүгінгідей жақын араласқан жоқпыз. Ник Әлидің инстаграмдағы  Ali_Amir_happy парақшасын көріп, ұлым екеуі қалжыңдасып, күліп отырды», – дейді Әлидің анасы Ақмарал Әміреева.

Оқи отырыңыз:

Астанада үйі өртеніп кеткен көп балалы әкеге 2,5 миллион теңге беріледі

Алматыда кардиолог дәрігер мұқтаждарға арналған тегін дүкен ашты

Техникалық ақау салдарынан Kcell абоненттерінің шотындағы ақша жоғалып кетті

Алматыда Назарбаев көшесінде үлкен ту жайылды (видео)

Талқылау