Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда күйеулерінен қорлық көретін әйелдерге арналған баспана ашылды

Алматыда тұрмыстың тауқыметін тартып, күйеулерінен қорлық көрген әйелдер азаймай отыр. Жуырда ғана ашылған «араша» әйелдер үйінде қазір 20 келіншек  тұрып жатыр.

7602-600x338

Одан бөлек, күндіз келіп, мамандардан кеңес алатындары да бар. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көмегімен қорғансыздар үйі осыдан бір ай бұрын ашылған еді, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Орталықта жапа шегіп, таяқ жеген әйелдерге психологиялық, медициналық, құқықтық, педагогикалық сынды барлығы сегіз түрлі бағытта көмек көрсетіледі. Тұрмыстан тарығып, баз кешкендер бұл үйде 6 айдан 9 айға дейін тұра алады. Тамақ, киім-кешек сынды қажетті заттармен тегін қамтамасыз етіледі.

«Әйелдерге киім-кешектен бөлек, балаларына ойыншық, памперстер тегін беріледі. Тамақпен де қамтамасыз етеміз. Тек асты өздері кезекпен дайындайды. Күйеулері немесе солардың туыстарынан қысым көргендермен жұмыс істеу оңай емес. Көбі тұйықтау, ашылып сөйлеспейді», – деді  тұрмыстық зорлық-зомбылық жәбірленушілеріне арналған «arasha» баспанасының  қызметкері Айдана Жарменова.

Өткен жылы отбасында болған қылмыс көрсеткіші алдыңғы жылмен салыстырғанда 90 пайызға артқан. Нәтижесінде 36 әйел мен бір бала қайтыс болған. Екі жарым мыңға жуық әйел зорлық көріп, 742-сі өзіне қол салған екен.

Тағы да оқыңыз:

Фармацевт әйелін айуандықпен өлтірген жігіт жарын көзіне шөп салғандықтан өлтіргенін айтты

Шенділер ақысы 1,4 млн теңге болған Астана әуежайы автотұрағына қатысты түсініктеме берді

Астана әуежайында жалған құжатпен Сирия азаматтары ұсталды

Талқылау