Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі есірткі партиясын тасымалдаған бар иесі ұсталды

Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан бардың 31 жастағы қожайыны арнайы операция барысында қолға түсті. Есірткімен күрес өкілдеріне «Арлан» арнайы жасағының сарбаздары да көмектесті.

1

«Жақында біздің назарымызға қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінің жетекшісі түсті. Алдын-ала ақпарат бойынша ер адам өзінің жұмыс орынынан есірткі таратып отырған. Жедел әрі арнайы шаралар арқасында заңға қайшы әрекет еткен тұлғаны әшкерелеу мүмкін болды. Кешкілік мерзімде ол клиентіне есірткі сатып жатқан жерінен ұсталды», – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының басшысы Азамат Садыров.

Оның жұмыс орынынан жедел-тергеу тобы буынып-түйілген, дайындалған жалпы салмағы 1 келі 300 грамды құрайтын есірткі тәркіленді.

“Есірткі бизнесімен күрес орталығында осындай қылмыстарды ашуға қажетті ресурстардың барлығы бар. Сондай-ақ, арнайы топ құпия орындарды, есірткі жасырылған жерлерді оңай табуға қауқарлы. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалады. Күдікті қазір уақытша қамау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары аяқталған соң, оған жаза кесіледі», – деді полковник Садыров.

2  5

Талқылау