Алматыда есін жоғалтқан қырғызстандық азамат 12 жылдан соң анасымен қауышты
Қазақстандық журналистер осыдан 12 жыл бұрын жоғалған қырғызстандық азаматқа анасын табуға көмектесті. Олар 26 мамыр күні “Қазақстан” телеарнасының “Айтуға оңай” бағдарламасында қауышты.

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Бұл туралы Stan.kz сайты ҚР СІМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Асан Арықбаев амнезия ауруына шалдыққандықтан, журналистерден туғандарын тауып беруге өтініш жасаған. Телеарнаның қызметкерлері өздерін жігіттің туысқанымыз деп таныстырған Қазақстан мен Өзбекстан елінің бірнеше азаматын тапқан. Алайда ДНҚ нәтижесі мұны растамады.
Кейін анасы мен жігіттің ДНҚ қорытындылары салыстырылып, олардың жақындығы анықталған. Осылайша бір-бірін 12 жылдан бері таба алмай жүрген жандар қауышқан.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды