Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адамдарға жабыса кететін 700 жезөкше ұсталды

Алматыда ер адамдарға жабысып, өзіне тартқаны үшін 700 жезөкшелікпен айналысатын әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.

prostitution

ІІД 3 мен 20 қаңтар аралығында тексеріс жүргізіп, 677 жезөкшені ұстады. Рейд бойынша барлығы 858 адамныңжезөкшелікпен айналысқандары анықталды. Мұның барлығы интимді қатынас қызметін ұсынатындар мен пәтерін жалға беретіндерге қатысты. Бір күн ішінде Түркісіб ауданынан 160 адам құрықталды.Олардың ішінде 91-і жеңіл жүрісті қыздар.

Полицейлер Сейфуллин көшесінің бойындағы пәтерлерді қайта тексеріп, жеңгетайлықпен айналысатындарды анықтады. Алматы қаласы ІІД полиция полковнигі Жандос Мұраталимев ұсталғандардың көпшілігі бұрын да осы қылмысы үшін жауапқа тартылғандар.

Полицейлердің мәліметінше Цеткин көшесіндегі 4-үй иесі, “Натали, “Нұр”,”Әли” қонақ үй иелері т.б. пәтер иелері жезөкшелікпен айналысқаны үшін жауапқа тартылды.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкент әкімі “Уақытша тіркеу” туралы небәрі 50-секундта түсіндіріп берді

Алматыда қайыршы болып кеткен спортшының екі пәтері бар болып шықты

Қазақстандық әнші концерттен соң ұйықтағанда тылсым күш әсерінен қозғала алмай қалатынын айтты

Талқылау