Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот басталды. Құдайбергенов пен Қиясов кінәсін мойындамады

Алматыда белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты негізгі сот тыңдалымы басталды. Іс қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта қаралып жатыр. Тыңдалымда айыпталушылар өз кінәсін мойындамады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі сот залынан.

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот басталды. Құдайбергенов пен Қиясов кінәсін мойындамады

Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов сотта жауап беруде.

Сотта прокурар айыптау актісін оқып берді. Айыпталушылар өз көлігін оқиға орнынан қашықтау жердегі Достық мейрамханасының жанында қалдырып, өздері жаяу кеткен. Мұнан кейін Теннің көлігінің маңына келіп, қолғап киіп, айна ұрлауға кіріседі. Осы кезде олардың үстінен түскен Денис көшеге шығып, Толыбаеваның жанынан өтеді. Толыбаева Құдайбергенов пен Қиясовқа бұл туралы ескертіп үлгермепті.

Тыңдалым барысында Құдайбергенов ұрлық жасағанын мойындайтынын айтты. Алайда кісі өлтіргені үшін тағылған айыппен келіспеді.

«Айнаны алғаным рас, алысқаным да рас. Бірақ кісі өлтіру туралы ойым болған жоқ», – дейді ол.

Нұралы Қиясовтың сөзі де дәл осындай болды.

Сонымен қатар Денистің бетінен белбеумен ұрғаны белгілі болды.

Ал тағы бір күдікті Жанар Толыбаева жүткілігінің 7-айында. Ол өздерінің қылмыс жасауға бара жатқанын білмегенін айтты. Ол соттан өзін қылмысқа бірге қатысушы ретінде қарамауды сұрады.

«Мен оған пышақ сұғып алғанын да көрмедім. Олардан алыс жерде тұрған едім», – дейді ол.

Сот тыңдалымына Денистің анасы Оксана Тен қатысты.

Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында көлік айнасын ұрламақ болған екі азамат Денис Тенге шабуыл жасады. Кикілжің нәтижесінде күдіктілер спортшының аяғына пышақ сұғып алған. Нәтижесінде Денис Тен көп қан жоғалтып, аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Бұған дейін министрдің орынбасары қолға түскен азаматтардың шынайы қылмыскерлер екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ІІМ өкілі Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі Арман Құдайбергеновтің бұған дейін жасаған қылмысы үшін не себепті тұтқындалмағанын түсіндірді. Мұнан кейін аталған іске қатысты үшінші күдікті ұсталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау