Алматыда бұзақылар ересек азаматты соққыға жығып, ақыл-есінен айырған
Алматылық дәрігерлер ұзақ уақыт комада болған сырқаттың туыстарын іздеп жатыр. Жасы шамамен 45-50-дегі ер азамат қаладағы базарлардың бірінен ес-түссіз күйінде табылған, деп хабарлайды КТК арнасы.
Атпалдай азаматты әлдебіреулер есінен таңғанша соққыға жығыпты. Сөйтіп, тыр-жалаңаш шешіндіріп, «Жетіқұрдас» базарының маңына тастап кеткен екен. 20 күндей ес-түссіз жатқан науқас есін енді жиды. Бірақ, қатты соққыдан миы зақымдалып, сөйлеу, жазу қабілетін айырылыпты. Оны емдеп болған ақ халаттылар енді жігіт ағасын қайда жіберерін білмей бас қатыруда. Аты-жөнін айта алмаған азаматты қамқорлық орталығы да «құжаты жоқ» деп қабылдамай қойыпты. Дәрігерлердің айтуынша, азамат маскүнемге ұқсамайды. Бұрын күтім көргені көрініп тұр дейді. Соны ескеріп, полицияға хабар берген. Бірақ, әзірге іздеп келген ешкім жоқ.
«Жеті құрдас» деген біздің аурухананың жанындағы базардан алып келген болатын. Бұл науқас Қырғызстаннан, Өзбекстаннан келіп жұмыс істеп жүрген отбасы бар адам деп ойлаймыз. Жұмыс істеп жүрген, кәдімгі бір үлкен отбасыны бағып отырған азамат деп ойлаймыз”, – дейді Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының аға дәрігері Қайрат Омарбаев.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтауда 10 жасар қызды сыныптастары ұрып тастады
Астанада үй ауласында ойнап жүрген баланы шапалақпен ұрған зейнеткерді жазалады
Семейде 10 жасар бала көпқабатты үйдің шатырына шығып алған
Оралда қар жауған күні асфальт төсеткен депутаттың басы дауға қалды

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
