Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бөтен біреудің төлқұжатымен жүрген Шри-Ланка азаматы ұсталды

Алматы әуежайында Қазақстанға бөтен біреудің төлқұжатын пайдаланып кіргісі келген Шри-Ланка азаматы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Алматыда бөтен біреудің төлқұжатымен жүрген Шри-Ланка азаматы ұсталды

«Оңтүстік астананың халықаралық әуежайында Алматы шекаралық бақылау жасағының шекарашылары тексеру кезінде бөтен біреудің шетелдік төлқұжатын көрсеткен Шри-Ланка азаматын ұстады. Бір қарағанда, құжаттағы ұқсастық күдік тудырмады, оның үстіне төлқұжат ұсынушы да өзін тым сенімді ұстады. Бірақ тәжірибелі шекарашылардың қырағы көзінен ешкім сытылып кете алмайды және 5-7 минуттан кейін елде заңсыз кірмекші болған шақырусыз қонақ шындығын айтып, айыбын мойындады», – делінген хабарламада.

Шетелдік азаматтың сөзінше, ол жалған құжатты өз елінде белгісіз біреуден 3500 АҚШ долларына сатып алған. Оның өз құжатының болмауы және Қазақстанға деген «құлшынысы» себебін Шри-Ланканың арнайы органдары анықтайтын болады. Шекара қызметінің хабарлауынша, жалған құжатпен ұсталған азаматты Алматы-Дубай рейсімен депортациялау жоспарланып отыр.

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр