Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда болған өрттен сексеннен аса адам құтқарылды

Алматыда бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шаштараз өртенді, деп хабарлайды Stan.kz апараттық агенттігі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеп.

Алматыда болған өрттен сексеннен аса адам құтқарылды

Өрт Әуезов ауданы, Саин көшесінің бойында орналасқан 14/1 тұрғын үйінде  болды. Алдын ала ақпарат бойынша, өрт шаштараз орналасқан тұрғын үй ғимаратының 1 қабатында басталған. Жану аумағы 20 шаршы метрді құрады.

«21: 24-те кіре берісте түтін пайда болғаны туралы хабар келді. Алғашқы өрт сөндірушілер 9 минут ішінде аталған мекен-жайға келді. Өрт сөндірушілер келген сәтте 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан «Арай» шаштаразы өртеніп жатыр екен. Қою түтіннің салдарынан жоғарғы қабатта тұратын тұрғындар эвакуация жолын пайдалана алмаған. Өрт оқиғасы кезінде 81 адам құтқарылды. Оның 16-сы – балалар. Жоғарғы қабаттағы тұрғындарды механизацияландырылған автосатылармен құтқару шаралары ұйымдастырылды», – деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз:

Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт болды: Қаза тапқандар бар

Шымкентте 40 немересі бар ерлі-зайыпты екінші рет үйленді (фото)

Жанар Дұғалова жақында тұрмысқа шығатынын айтты (видео)

Ақбота-Нұр Қуандық Рахыммен ән айтқан кезде не себепті сахнада дауыстап күлгенін айтты

 

Талқылау