Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда белгісіз біреулер бизнесменнің қызын ұрлап, 500 мың доллар талап етті

Алматыда кәсіпкердің қызын ұрлап кетті. Белгісіз адамдар қыздың әкесінен 500 мың доллар талап еткен.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер осы оқиғаға қатысты төрт адамды қолға түсірді. Қылмыскерлер 500 мың доллар сұрап, қыздың әкесін қорқытқан.

Оқиға 14 қараша күні болды. Каскөйлер көліктегі қызды күш көрсете отырып ұрлап кеткен. Ал, көлік жүргізушісін электрошокерді пайдаланып байлап кетіпті.

Сәлден соң қыздың ата-анасынан қомақты қапажат талап етеді. Бүгінде қыздың денсаулығын еш қауіп төніп тұрған жоқ. Полицейлер ұсталғандардың осы іске қатысы барын анықтап жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау