Алматыда базарлардың бірінде өрт шықты (видео)
Алматыда «Жетісу» базарында өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Сағат 13:15-те Түркісіб ауданындағы «Жетісу» базарында 3 контейнер өртенді», – деп жазылған хабарламада.
Өрт аумағы 40 шаршы метрді шарпыған.
Қызыл жалынды сөндіруге 30 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде өрт 13:33-те ауыздықталып, 13:39-да толықтай сөндірілді.
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрт себептері анықталуда.
Оқи отырыңыз:
Алматыда 4 көлік соғылып, бірнеше адам зардап шекті (фото)
Дәрігерлер бөлшектенген денесін жинады: Балқашта 5-қабаттан құлаған қыз аман қалды
Керек кеңес: Асқазан жарасын какаомен толықтай емдеп жазуға болады
Алматы облысында 7 айлық сәбиін еденге алып ұрған әйел аналық құқығынан айырылды
Қазақстанда шетелдіктерге тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды