Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда банк тонаушылар қылмысқа не итермелегенін айтып берді

Алматыда “Альфа банкті” тонаған айыпталушыларға қатысты сот жалғасып жатыр. Айыпталушылар қылмысқа не себепті барғандарын айтып берді.

1843582

Фото: Александр Мазуркевич

Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.

Тонау әрекеті 27 маусымда болды. Тергеу дерегі бойынша күдіктілердің бірі банк қоймасына кіріп, тапаншамен қорқытып 65 миллион 300 мың теңгені алып кеткен. Максима Бескишкин мен Иван Жуковқа қатысты істі Алматы мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. Банк қызметкері Максим Бескишкиннің айтуынша, ол қаржылық қиындықтарға тап болып қылмысқа барған.

“2012 жылы үйді кепілге қойып несие алдым. Бірақ, мені “лақтырып” кетті. Мен ай сайынғы 120 мың несиені төлей алмадым. Себебі банктен алатын 200 мың теңге жалақымның 80 мыңы “Альфа банктен” алған несиеме кетті. Отбасыма да, балаларыма да ештеңе бере алмадым. Кепілді несие бойынша 5, кепілсіз несие бойынша 2 миллион теңге. Барлық жалақымды тек несие төлеуге жұмсадым”, – дейді айыпталушы.

Айтуынша, олар Жуков екеуі банк тонау туралы жоспар құрған кезде банк қызметкерлеріне қарсылық көрсету туралы ойламаған. Бұрын осы банкте жұмыс істеген екінші айыпталушы Жуков та “Альфа банктен” несие алғанын, оны 2015 жылдан бері төлемегенін айтты. Сот кезінде екеуі де кінәларын толықтай мойындап, істеген істеріне өкінетіндерін айтты.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да желіге әдепсіз суреттерін жариялаған шенеуніктер жазаланды (фото)

Алматылық бала көрші аулалардағы шашылған қоқыстарды жинап жүр (фото)

Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды

Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

Талқылау