Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда банк қызметкері із-түссіз жоғалып кетті

Алматыда достары мен туыстары із-түссіз жоғалған банк қызметкерін іздестіріп жатыр.

20160906100946

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Біздің әріптесіміз жоғалып кетті. Өтініш мейлінше көп репост жасасаңыздар! Аты-жөні Нұршат Розиев. Ол тұратын үй өртеніп кеткен, аулада Nissan Premiera маркалы көлік жоқ, үйден екі теледидар ұрланған. Кімде-кім оны көрген болса, хабарласыңыздар. Телефон: анасы +77470641506, әпкесі: +77781427235”, – делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.

Ал оның анасы Мехрибан болса, Алматы облысынан әдейі келіп, полицияға арыз жазып кетіпті.

“Нұршат әуежай жанындағы Алмерек ауылында тұратын. Оның кішкентай үйі болды. Сенбі күні кешке үйде болған еді. Оны шамамен 12-де көргендер бар. Мүмкін ол көлікпен бір жаққа кетіп қалған шығар, оралады деп үміттеніп отырмыз. Ол банкте жұмыс істейді, өте жауапкершілігі жоғары қызмет. Мүмкін дүйсенбі күні келіп қалар деп едік, алайда жұмыстағы әріптестері оның жұмысқа шықпағанын айтты. Банктегі достары да келіп, полицияға өтініш бердік”, – дейді анасы.

Талқылау