Алматыда балалар үйінің басшылығы жасөспірімдерді зорлау деректерін жоққа шығарды

Жұма, 26 Ақпан , 2016 9:49

Алматыда балалар үйінің басшылығы өздерінің тәрбиеленушілеріне жыныстық зорлау жасалды деген деректі жоққа шығарды. Директордың айтуынша, шу жасаған 12 жастағы бала оқиғаның барлығын ойдан шығарған.

vv

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Балалар үйінің директоры кеше ғана емделіп жұмысына оралыпты. Оның тәрбиеленушілерінің бірі өзіне зорлық жасады деп көпшілікке мәлім еткеннен кейін, директор Маржан Шунаеваның денсаулығы күрт төмендеген.

“Ол өте көпшіл. Үнемі менің қабылдауыма кіріп, әңгімелесетін. Балмұздақ, конфет алуға ақша сұраса беретінбіз. Өзінде не болып жатқанын үнемі айтып отыратын. Бірақ, бұл туралы маған ешқашан айтқан емес”, – дейді Алматыдағы №1 балалар үйінің директоры Маржан Шунаева.

Бұл іске басты күдікте ретінде осы балалар үйінің 19 жастағы тәрбиеленушісі аталған. Басшылық өткен жылдың күзінде жасөспірімдер үйіне ауыстырылған ол бала кінәлі деп ойламайды. Қалалық білім бөлімі де осылай деп отыр. Олар тәуелсіз психологиялық сараптама қорытындысы бойынша, балаға ешқандай зорлық жасалмаған деп отыр.

“Білім басқармасы тарапынан психологтармен де кеңес өткізілді. Олар ешқандай зорлау мәніндегі әрекет болмаған дейді. Қазір ішкі істер департаменті зерттеу жүргізіп жатыр”, – дейді Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова.

Қазір бала қамқоршы бір отбасында өмір сүріп жатыр. Ол тіпті басқа мектепке де ауыстырылыпты. Ал қоғам бесленділері болса, балаға қысым көрсетілгені рас дейді.

“Бұл балаға қатысты болған оқиғаны бірнеше адам байқаған. Балалар айқай-шудан, түрлі әрекеттерді байқап, сезіп жүрген”, – дейді “Ұлағатты жанұя” ұйымының президенті Марианна Гурина.

Белсенділер, сондай-ақ болған оқиғадан кейін балалар үйі басшылығының орнынан ауыспағанына да наразы. Олар куәгер болған балаларға қысым жасала ма деп қорқады. Қазір бұл іс бойынша ешқандай күдікті ұсталмаған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар