Алматыда балалар үйінің 10 жасар тәрбиеленушісі аталған мекемедегі жыныстық зорлық туралы айтып берді

Сәрсенбі, 17 Ақпан , 2016 22:01

Алматыда 10 жастағы тәрбиеленуші балалар үйіндегі жыныстық қысым көрсету туралы шындықты айтып берді. Ол жердегі есейіп қалғандарға қысым жасайтын болған. Іске полицейлер араласты.

ыыыыы

Сурет time.kg сайтынан алынды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Ол мені жатын бөлмеге апарды да, “маған стриптиз билеп бер” деді. Мен билемейтінімді айттым. Ол мені шешіндіріп, ұра бастады”, – дейді ол.

Тәрбиеленушінің айтуынша, балалар үйінде ол мұндай оқиғамен бірінші мәрте бетпе-бет келіп отырған жоқ екен. Оған не педагог емес, не тәрбиеленуші емес Серік есімді адам қысым көрсетті, дейді ол. Ол бетіндегі көгерген тұстары, бірінші рет таяқ жеп тұрмағандығының дәлелі екенін де жеткізді.

“Ол бірінші рет менімен жүр дегенде қашып кеткенмін. Екінші рет ол мені тағы кездестіріп қалып, үгіттей бастады. Сосын тағы да “жатын бөлмеге жүр” деп ертіп апарды”, – дейді зардап шегуші.

Белсенді қоғам қызметкерлерінің арқасында бала бір отбасыға беріліп, қауіпсіз жерге орналастырылған. Ал балалар үйін аталған оқиғадан соң, басқа адам басқаруда.

Жаңа басшы өзінің қызметке 13-інен бастап кіріскенін, бұрынғы жетекшінің қазір ауруханада жатқанын айтты.

Қазір іс бойынша құқық қорғаушылар жұмыс істеп жатыр. Кәмілетке толмағандарға зорлық әрекетін көрсетуге байланысты қылмыстық іс қозғалып отыр. ІІД басқа бірнеше балалар да осындай жағдайдың құрбаны болуы мүмкін екенін жасырмайды.

“Сотқа дейінгі тексеру жұмыстарымен Алматы қалалық ІІД айналысып жатыр. Аталған іс бойынша сот-психиатриялық сараптамасы жүргізіледі. Егер, мәселе расталса айыпталушы қатаң жазаға ілігеді”, – дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Ал психологтар зардап шегуші баланың физикалық жағдайымен қатар санасына да үлкен көлемде зиян келген болуы мүмкін дейді. Оны емдеп қалыпқа келтіру ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

“Ондай адамдар үшін өзіне лайықты адам тауып, кейін үйленуі де қиынға соғады. Олар шеңбердің ішінен шыға алмай, не жасаса да қателікке ұрынатын сияқты болып тұрады. Ең қиыны – ұлдарда импотенцияның, әйелдерде жыныстық салқындықтың пайда болуы ықтимал”, – дейді психолог Жібек Жолдасова.

Аталған іс бойынша тәртіп сақшылары әлі күдіктіні ұстамады. Бірақ, құқық қорғаушылар бәрін ретке келтіруге тырыспақ. Олар балалар үйі де шараларды күшейтіп, қатаң тәртіп орнатады деп сенеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар