Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Алматыда айыппұл төлемеген жүргізушілердің көлігі тартып алынады
Алматыда айыппұл бойынша қарызы бар азаматтардан автокөлігі тартып алынады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда «Борышкер» шұғыл-алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр.
«Шараға заңбұзушылық бойынша есеп базасы, «КРИС-П», «ПОТОК-М» мобильдік кешендері, жеке меншік сот атқарушылары, қаладағы прокуратура органдарының қызметкерлері тартылды. Әкімшілік айыппұл төлемеген жүргізушілер анықталғанда, көлік құралы тартып алынып, мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылады. Салынған айыппұл толық төленгенде, тұтқындалған көлік құралы айыппұл тұрағынан шығарылады», – дейді Алматы әкімішілік полиция басқармасының басшысының орынбасары, полиция полковнигі Еркін Өтегенов.
Қалалық полиция департаменті көлік иелерін салынған әкімшілік айыппұлды дер кезінде төлеуге шақырды.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен