Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобус жүргізушісін жол бойында ұрған жігіт ұсталды

Алматыда жол бойында автобус жүргізушісінің жағасынан алып, ұрған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

Автобус жүргізушісін ұрған Nissan көлігінің иесі Әбдіназаров Е. ОҚО-ның тұрғыны болып шықты. Оның 2017 жылдың мамырында 9 айға көлік жүргізу құқығынан айрылғаны белгілі болды.

«Әбдіназаровқа қатысты Әкімшілік кодекстің 601-бабы (жол белгісін бұзып, автобус жолағына шығып кету), 606-бабы (апаттық жағдай туғызу), 612-бабының 2-бөлімі (көлікті құжатсыз жүргізу) бойынша әкімшілік іс қозғалды.», – деді Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, ұсталған адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де әкімшілік жазаға тартылды. Осы үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеп немесе 10 тәулікке қамалуы мүмкін.

Әбдіназаровтың көлігі айып тұрағына қойылды.

Айта кетейік, Nissan көлігінің иесі мен автобус жүргізушісін жол бойында жағасынан алып, басынан ұрғанын хабарлаған едік.

Желіде жарияланған видео қолданушылардың наразылығын тудырып, бұл іске полицияның араласуын сұраған.

Тағы оқыңыз:

Алматыда қар тазалап жүрген жұмысшыны көлік қағып, өлтірді

Қазақстанда алдағы күндері -45 градусқа дейін аяз болады

Дәрігерлер 52 адамның неден қайтыс болғанын анықтады

 

Талқылау