Алматыда автобус жүргізушілері жаппай жазаланып жатыр

Жұма, 30 Маусым , 2017 21:36

Соңғы үш күнде осы саладағы 500-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай шараның жүргізілуіне жүргізушілердің жол ережесін өрескел бұзатыны, сөйтіп, қаншама жолаушының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні себеп. Соңғы кездері қоғамдық көліктердің жол апатына ұшырауы да жиілеп кетті. Бұл туралы КТК хабарлайды.

policzejskie-sledili-za-voditelyami-avtobusov-i-snyali-video-s-ix-narusheniyami-v-almaty-47682-2

Қазір халықтың қоғамдық көлік жүргізушілеріне деген наразылығы өршіп тұр. Өйткені олардың жол ережесін өрескел бұзып, апатты жағдай тудыруы жиілеп кеткен. Соңғы 5 айдын ішінде қоғамдық көліктің қатысуымен 78 жол апаты тіркелсе, сонын 57-сіне осы автобус жүргізушілері кінәлі. Өйткені олар үнемі жоспар қуып, жарысып жүреді.

Тура жол ортасында жолаушыларды түсі­ріп-мінгізудің автобус жүргізушілері үшін қалыпты жағдайға айналғаны қашан. Тіпті жаз шыққанда есіктерін ашып қоятындар да бар. Ал қоғамдық көліктегі мәдениет мәселесін айтпасақ та болады. Жүргізушілердің дөрекі сөйлеуі, тізгінде отырып темекі шегуі, ұялы телефонмен сөйлесуі, қалай болса солай тоқтауы бүгінде ешкімді таңғалдырмайтын болған.

“Бір бағыт бойынша ғана автобус жүргізушісі 11 рет жол ережесін бұзды. Сөйтіп, адамдардың өміріне қауіп төндірді. Біз бұнда әлі қауіпсіздік белдігін тақпағаны мен қоғамдық көліктің ішінде темекі шеккенін қоспадық”, – деді Алматы қалалық ІІД ӘПБ бастығының орынбасары Еркін Өтегенов.

Алайда жүргізушілердің бұның барлығына айтар уәждері бар болып шықты. Олар ережені сақтамауға жолдағы кептеліс пен бекітілген жоспар себепші деп ақталуда.

“Бір жерде жәй кетіп бара жатсан, қатты айда дейді. Қатты барып передниға жетсен жәй жүр дейді мысалы. Звондап тұрады ғой главныйдан. Ей алдын деген мысалы пробкада тұрасын, тұрасын. Алдын деген ашылып кетеді, бас дейді. Басып қалсан передниға жетесін. Енді жай жүр дейді”, – дейді Еркін Өтегенов.

Бірақ заң алдында бұның бәрі жол ережесін бұзуға себеп бола алмайды. Сөйтіп, Ішкі істер департаменті жүргізген жедел алдын-алу шарасы барысында қоғамдық көліктердің 511 жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартыпты. Яғни бәріне айыппұл салынды. Сондай-ақ, жол сақшылары алдағы уақытта аялдамаларға бақылау камераларын орнатамыз деп отыр.

Бұған дейін Алматыда автобус жүргізушісі жол ақысын алып жатып, троллейбусқа соғылғанын жазған едік.

Оқи отырыңыз:

Оралда құрылыс орнынан табылған жаңа туған сәбидің анасы ұсталды

ҚР президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары сотталды

Ақтөбеде діндарлар рұқсатсыз «халал балабақша» ашқан

Атырау облысының тұрғыны үйсіз жүрген ауылдасына баспана салып берді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар