Алматыда әуе компанияларының бірі ескі ұшағын мейірімді жандарға тегін бермек (фото)

Жұма, 3 Маусым , 2016 18:32

Қазақстандық әуе компаниялардың бірінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында ерекше хабарландыру пайда болды. Онда компания басшылығының бір ұшақты «жақсы қолға» тегін беретіндігі жазылған.

ұшақ3

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«Достар, біздің таңқаларлық ұсынымыз бар! Біздің паркте ЯК-40 ұшағы бар. Кезінде бұл ұшақ талай рет көкке көтерілді, отандық авиацияға қалтқысыз еңбек етті. Бірақ, ұшақтардың да еңбек қызметінің шегі болады ғой. Борт қызметін өтеп болып, енді Алматы әуежайының паркінен орын алды. Сондықтан, біз қанатты досымызды мейірімді жандардың қолына тегін тапсыруға дайынбыз. Тек олар оны игілікті іске пайдаланса болғаны», – делінген хабарламада.

ұшақ

Сонымен қатар, ұшақтың иелері оны алғысы келгендерге  не үшін керек екендігін егжей-тегжейлі жазуларын сұрайды.

ұшақ2

«Біз әрине ұсыныстарды жан-жақты қарап, ішінен ең үздігін таңдаймыз. Егер ұшақ әлеуметтік жобаға пайдаланылар болса, қуанышымызда шек болмас еді. Мысалы, ұшақты балаларға қуана-қуана берер едік. Ол бала бақша үшін тамаша аттракцион емес пе?» – делінген хабарламада.

ұшақ4

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    С..Шамалғанға апарып кафе ашар едім

  • Жұмбақ жан says:

    Менин атым Самал .
    Курметти сыйлык иеси саламатсызба . Мени сиздин усынысуныз тан калдарды, керемет корменин мусини болатын сыйлык екен . Тан каларлык гажайып, алиде болса сенер емеспин . Сиз не деген гажап жансыз!
    Егер руксат етсениз маган берсениз деп отинемин …
    Себеби жана балабакша ашып едим, кишкентай булдиршиндерге арнап
    Осы балабакшанын бир ерекшелиги ретинде сиздин ЯК-40 ушагынызбен балалардын техникага деген ерекшелигин тудырсам деген ойдамын .
    Балабакша “БОЛАШАК ГАЛЫМ ” деп аталады, осы атына сай етип кишкентай булдиршиндерди бир – бир галымдай етип тарбиелесем деген ойдамын.
    Улкен курметпен Самал Амануллаевна .

  • Жұмбақ жан says:

    Маган буйырар болса сатып балаларымды окытып отбасымызга уймен колик алар едим

  • Жазира says:

    Алар едім, мұндай тегін дүниені. Не үшін деген орынды сауалдарыңыз бар екен. Ия, ауыл баласының ілуде бірі болмаса, ұшаққа отырмақ түгілі жанына барып көрмегендері жетерлік қой. Сол үшін ҚАСИЕТТІ АЛАКӨЛІМНІҢ ДЕМАЛЫС АЙЛАҒЫНА АПАРЫП ӨЗДЕРІҢІЗ АЙТҚАН АТРАКЦИОН ҮШІН ПАЙДАЛАНАР ЕДІМ. Əттең десе де, осынша тегін келер ҒАЖАПТЫ жеткіз де мен сияқты қарапайым ұстазға арман шығар. Бармақтай бағы бар бақытты жанға бұйырар. Жасыратыны жоқ тамаша мүмкіндік екен.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар