Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауа райының қолайсыздығынан әуе рейстері кешігіп жатыр

Алматы халықаралық əуежайында ауа райының қолайсыздығынан 20 əуе рейсі бөгелді. Бұл туралы əуежайдың онлайн-таблосында көрсетілген.ушак

Алматыдан Астана (2), Қостанай, Петропавловск қалаларына ұшатын рейстер кешігіп жатыр. Мәскеу мен Үрімжі қалаларына бағытталған рейстер бөгелді.

Сондай-ақ, Астанадан (3), Қарағанды, Шымкент (2), Өскемен, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе қалаларынан келетін ұшақтар кешігіп жатыр. Олардың ішінде Дели (3), Дубай, Үрімжі халықаралық рейстері бар.

Алматыдан Астанаға бағытталған рейс ұшпайтын болды.

Қаланың әуежай орналасқан төменгші бөлігінде қазір қалың тұман. Ауа температурасы +11 градус болды.

Талқылау