Алматыда ата-анасы жасап берген үйлену тойына діншіл жас жұбайлар қатыспай қойды

Бейсенбі, 21 Қыркүйек , 2017 14:58

Алматының Алатау ауданына қарасты Шаңырақ ықшам ауданында  қазақ отбасының тойы елден ерекше өтті,-деп жазды Stan.kz  тілшісі. Онда дінге бет бұрған жастар өздерінің үйлену тойына келген қонақтарға көрінбеген.

қалыңдық

Бұл туралы сайтымызға үйленген жігіттің туысы хабарлады.

«Әпкемнің ұлы үйленді деп барлығымыз қуанып, сыйлығымызды құшақтай асыға жетіп барған болатынбыз. Жігіттің анасы келін алғанына қуанғанын байқамадық.Керісінше жылағаннан көзі ісіп кеткен сияқты көрінді. Той алдындағы дайындықтың кезінде отбасылық мәселелер туындап қалған болар деп болжадық.

Үйде қалыңдық та, үйленген жігіт те жоқ болды. Әдеттегідей  жастар кешкі столға келетін шығар деп күттік. Бірақ олар келмеді. Қонақтар келіп қалған кезде жездеміз жиналғандарға жағдайды сол жерде  бірден айтты. «Қазіргі жастарды түсінбейді екенбіз.Олар өз қалауларынша тойласын, біз өз қалауымызбен.

Адамдардың көзіне түскілері келмейді екен» деп күлді де қойды. Содан 150 қонақ біраз түсінбей отырып қалды. Асаба кезек-кезек сөз кезегін ұсынып ұмыттырып жіберді. Сожан жас жұбайларға сырттарынан тілек айтып, тойды түнгі 22:00-ге дейін өзіміз тойлап қайттық»,-дейді Алматы тұрғыны.

Жігіт мектеп бітірісімен намаз оқып намазхан жігіттермен араласады екен. Қыз болса никаб оранады екен. Ата-анасы беташарды той болатын мейрамханада өткізіп жіберуді жоспарлаған екен.

Туысқандарының айтуынша жігіт келіншегін өз отбасындағы ер азаматтардың алдына да шығармайды екен. Сол үшін үйленісімен қалыңдығын ата-анасына бір таныстырып пәтер жалдап кетіп қалыпты.

Үйленген жігіттің өзі бауырдарымен байланысын үзбейді екен, тек келіншегін әдеттегідей ата-анасының үйінде жұмыс істеп, қонақ болып кетуіне қарсы көрінеді. Алғаш алып келген кезде қалыңдығының бетін анасы ғана көрген екен.

Оқи отырыңыз:

Америка азаматы Алматыға келіп жүрегіне операция жасатты

Дәрігерлер 20 жастағы бойжеткеннің асқазанынан килограммға жуық шаш алып шықты

Павлодарда трамвай таптап кеткен қыз ауруханадан шығарылды

Тері арқылы көрініс табатын 8 ауру

Елімізде туыстары рұқсат бермесе де, марқұмның ағзалары донорлыққа пайдаланылады

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Anonymous says:

    Қуды деген осы шығар! ата-анасына құрметі жоқ жандар өздерін қалай тақуа, таза, пәк санайды екен! құрсағында тоғыз ай көтеріп, тәрбиелеп, өсірген анасына істеген жақсылығы осы ма? Бұндай жандар тақуа емес адасқандар ау!

  • Anonymous says:

    мә ужас
    дұрыс дінді білмегендіктең солай болады

  • Anonymous says:

    Шаш ал десе, бас алатын байқұстар-ай. Недеген кері кетушілік. Жүре берсең көре бересің, деген осы екен ғой. Байқұс ата-ана шырылдап той жасап жүрген. Анау “тақуалар” солардың қарызынан қалай құтылмақ екен а.

  • Anonymous says:

    это результат фанатичного следования религии в ее радикальной трактовке…где это видано, чтобы дети отказывались от уважения к своим родителям…зачем такая религия??? все религии мира, а тем более ислам призывает первую очередь к моральным ценностям к родителям, обществу, государству…а безграмотность этой молодой пары лишь демонстрирует, что они еще не могут различить белое от черного….родителям сабр

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар