Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда алаяқтар Аружан Саинның қорына деп жұрттан ақша жинап жүр

Алматыда белгісіз жігіттер Аружан Саинның қорының өкіліміз деп жұрттан ақша жинаған.

5555

Бұл туралы Аружан өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

“Достар! Біздің қор қолма-қол ақша жинамайды. Біз тек қайырымдылық қаражатын банк, смс, терминал және online-төлем арқылы қабылдаймыз”, – деп жазды ол.

Елена Кукеле есімді қолданушының жазуынша, бейтаныс жігіттер Алматының орталық көшелерінде жұрттан ақша жинаған. Өздерін Аружан Саин қорының өкілдеріміз деп таныстырған жігіттер, суретке түсуден де еш қашпаған. Олар күн сайын әртүрлі құрамда, бірақ дәл осы киіммен жұрттан ақша сұрайды екен.

Қайырымдылық қорының басшысының айтуынша, олар қайырымдылық мақсаттағы ақшаның барлығын заң аясында жинап, сол заң аясында ғана жұмсайды. Сол себепті қордың жұмыс жүйесі толықтай дерлік банк есепшоты жүйесіне үйлестірілген.

“Ешбір адамға біздің қордың атынан Қазақстанның қалаларында, бизнес-орталықтарда, кафелерде, көшелерде ақша жинауға өкілеттілік берілмеген”, – деді Аружан Саин.

Оқи отырыңыз:

Жамбыл облысында жас ана қызын алып кету үшін емханаға барып дәрігерлермен жанжалдасқан

Дизайнер Жадо 8 баласымен адам шошырлық жағдайда тұрып жатқан анаға көмек көрсетті (видео)

Белгілі кәсіпкер павлодарлық полицейлерге 5 млн теңгеден сыйлады

Балқашта бойжеткенді жігіті мен досы зират басында зорлап, өзіне қабір қазуға мәжбүрлеген (фото)

Талқылау