Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әкесі ұрып ағаш түбіне тастап кеткен бала ауруханадан шығарылды

Алматыда шығыс айналма жолында ағаш түбінен табылған бала ауруханадан шығарылды.

Алматыда әкесі ұрып ағаш түбіне тастап кеткен бала ауруханадан шығарылды

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.

“Ол толық ем алды. Медкаментозы ем қабылдады. Массаж бен оңалту жұмыстары жасалды. Баланың жағдайы оң нәтижелі. Ол логопедпен жұмыс істеп, сөйлей бастады. Ақырындап жүріп жүр”, – дейді №2  балалар клиникалық ауруханасының емдеу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Аида Аханбекова.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 5 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Анасы полицияның кінәлі жанды таба алмай жатқанын айтып,алматылықтардан көмек сұраған еді. 

4 жасар бала Алматының шығыс айналма жолынан табылған болатын. Оны әкесінің таспен ұрып, есінен тандырғаны белгілі болды.

Бұған дейінгі ақпарат шындыққа жанаспайды. Куәгер қыз баланы қара түсті көлік қағып, қашып кетті деген еді. Әкесі ұлын ұрғанын мойындап, жазасын өтеуге дайын екенін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау