Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 80-ге келген ақсақал дәрігерлер ұсынған құралдармен спортпен айналысуда

Алматылық қарт кісілер сауығу мен аурудың алдын алудың тың тәсіліне көшті. Енді ата-әжелер ұзақ күнде сарылып, үйде отырмай, жаппай спортпен шұғылданады. Сөйтіп, бір-ақ күнде қариялар скандинавиялық жүрісті үйренуге кірісіп кетті.

photo_32039

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Сексенді еңсерген Тұрсынбек ата өмір бойы қозғалыста жүріп, соның арқасында әлі күнге дейін жүріс-тұрысы ширақ екенін айтады. Бірақ зейнетке шыққаннан кейін үйде отырып қалу – деннің саулығына кері әсерін берген. Енді қария солтүстік жүріс деп аталатын осы спортқа ден қоймақ.

Таяққа сүйеніп, аяққа түсетін күшті азайтып, жоғарғы бұлшық еттерді қозғалысқа түсіретін жүрістің өз әдіс-тәсілдері бар. Тұрсынбек қарт соның бәрін қалтқысыз меңгеруге даяр.

“Мен өзім сексенге келдім. Мына заттар өте пайдалы. Үлкен кіселерге. Мына заттармен шынықсаң, денсаулық та зор болады”, – деп хабарлайды Амлаты тұрғыны Тұрсынбек Оспанов.

Бұл қимыл ешқандай дәрі-дәрмек қолданбай, салауаттылықты сақтауға сеп болады дейді мамандар. Тіпті таяқтардың нарықтағы құны да айтарлықтай қымбат емес.

“Бұл жүрістің пайдасы мол. Медициналық противопоказаниесі жоқ. Стресстен шығарады, көңіл-күйді көтереді, бұлшық етті шымырландыра түседі”, – дейді физиотерапевт дәрігер Дәмелі Бердібаева.

Дәрігер кеңесі: қартайғанда бір таяққа жантайып қалмас үшін, қазір қос таяқты қапсыра ұстап, аптасына үш рет жарты сағаттан жаттығуды әдетке айналдыру керек. Өйткені, мұны жалпыхалықтық сипат алдырған Еуропа елдері қазір өмір сүру жасының ұзақтығы бойынша көш ілгеріде тұр.

Жіберіп алмаңыз:

77 жастағы көкшетаулық ақсақал тапсырыспен тілек жазып ақша тауып жүр

Обама мен Трамп туралы телевизиялық пародияда Қазақстан туралы әзіл айтылды

Жамбыл облысында елбасыға арналған «джип тур» жолға шықты

Өліге саналған жас жігіт мәйітханада оянып көрпе сұраған

Талқылау