Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 жасар қызды өлтірген педофил 24 жылға сотталды

Адам өлтіруші педофил Артур Оғлы ғасырдың төрттен бір бөлігін түрмеде өткізетін болды. 6 жасар қыздың отбасы соттың бұл үкімімен толықтай келісетіндіктерін айтып отыр.

person-1107788_960_720

Бұл туралы 1tv.kz хабарлайды.

Сот отырысы кезінде қылмыскер еш эмоция көрсетпеген. Бірақ үкіммен мүлдем келіспейтіндігін айтқан. Үкімді қайта қарау үшін өтініш жазуға оған 15 күн беріледі. Қайғылы оқиға ағымдағы жылдың 7 шілдесінде болған. 41 жастағы рецдивист Дарья Регурцкаяны алдап шақырып алған. Оны балағаттап, өлтіріп, денесін пакетке салып, үйдің маңындағы құбырға тастаған. Полиция келген кезде жасырынуға да тарыспаған.

Артур Оғлы осы уақытқа дейін адам өлтіріп, ұрлық жасағаны үшін екі рет сотталған. Екі ретте де мерзімінен бұрын босатылған. Бұл факті өлтірілген қыздың әжесін ашуландырды. Ол қылмыскерді мерзімінен бұрын босатуға жағдай жасағандарды да қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды

“Оғлы Артур Владимирұлы 24 жылға бас-бостандығынан айырылады. Оған өмір бойы жасөспірімдермен байланысы бар жұмыстарды істеуге тыйым салынады. Ерекше режимдегі түзету колониясына қамауға алынады. Өтеуі тиіс мерзімінің алғашқы 5 жылын түрмеде өткізеді”, – дейді қаланың Ауданаралық қылмыстық сотының төрағасы Кеңшілік Әбілдинов.


Жіберіп алмаңыз:

Петропавлда еркек әйеліне тон сыйлау үшін дүкен тонаған

Ұялы телефон шотындағы ақша неліктен жоғалып кетеді?

Психологиялық тест: Сіз қаншалықты сараңсыз?

Жұлдыз жорамал бойынша бір біріне мүлде сай келмейтін екі белгі

Талқылау