Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 4 көлік соғылып, бірнеше адам зардап шекті (фото)

Оңтүстік астанада 4 көлік соғылып, ЖКО салдарынан 3 адам зардап шекті.

Бұл туралы  Zakon.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Куәгерлердің сөзінше, жол апаты түнгі сағат 2:00 шамасында орын алған. Audi көлігінің жүргізушісі Төле би көшесінде шығыс бағытқа қарай қозғалған. Розыбакиев көшесінің қиылысында Mercedes көлігі жоғары жылдамдықта келе жатып, Audi көлігіне соғылған.

Мұнан кейін Mercedes көлігі Toyota Highlander-ге соғылады. Соққы салдарынан жол талғамайтын көлік қарсы жолға шығып кетіп, Chevrolet көлігіне соғылып қалған.

ЖКО салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен Toyota Highlander көлігіндегі 2 жолаушы түрлі жарақат алған.

Оқи отырыңыз:

Дәрігерлер бөлшектенген денесін жинады: Балқашта 5-қабаттан құлаған қыз аман қалды

Керек кеңес: Асқазан жарасын какаомен толықтай емдеп жазуға болады

Алматы облысында 7 айлық сәбиін еденге алып ұрған әйел аналық құқығынан айырылды

Алматы облысындағы интернат оқиғасы: 10 жасар баламен жалаңаш жатқан тәрбиешіге қатысты жаңа дерек (фото)

STAN.KZ
Жексенбі, 04 Наурыз, 2018 10:02
Талқылау