Алматыда 30 миллион теңге айыппұл төлемеген жүргізуші ұсталды

Алматыда арнайы профилактикалық шара барысында Алатау ауданында 30 млн айыппұлы төленбеген жүргізуші ұсталды.

Бұл туралы Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Алатау ауданында «Борышкер» профилактикалық шарасы барысында айыппұлды төлемей келе жатқан азаматтар ұсталды. Аталған ауданда 3 күн қатарынан “КРИС-П” мобильді кешені қойылды.

Бұл аппарат борышкер жүргізушілерді автоматы түрде анықтауға арналған екен. Осы уақыт аралығында борышкерлерден 7 млн теңге өндірілген.

«Инспекторлар 3 күн ішінде 7 млн теңге өндіріп, 100 көлік айып тұрағына қойылды. Атап айтсақ, бір басында 30 млн теңге төленбеген әкімшілік айыппұлы бар жүргізуші ұсталды. Оның көлігі де айып тұрағына қойылды», – деді Алатау аудандық ІІБ әкімшілік полициясы бөлім басшысы Баукен Байымбетов.

Алатау аудандық ІІБ әкімшілік полициясы бөлім басшысының айтуынша, қазір жүргізушілерге айыппұлды смартфон арқылы төлеуге мүмкіндік туып отыр.

«Бұл дегеніңіз борышкер адам қарызын сол жерде-ақ өтей алады деген сөз. Осы уақытта бірнеше жүргізуші осы инновациялық  тәсілді пайдаланды»,- деді ол.

Оқи отырыңыз:

«Қарағанды аруы-2017» балалар үйіне жарты миллион теңге сыйлады (фото)

Тәуелсіздік күніне орай «қазақстандық үлкен отбасы» туралы күлкілі видеоролик түсірілді (видео)

Алматыда егіз ұлдарын өлтірген ата-аналар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар